Қазақстан Республикасындағы Жастар жылы аясында ағымдағы жылғы 19 сәуірде «Достар» МС Көкшетау қаласының білім бөлімі «Ақмола жұлдыздары-2019» көркемөнерпаздарбайқауының гала-концертін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты-жас ақындар мен жазушылардың шығармашылық әлеуетін насихаттау және ашу, жаңа талантты есімдер мен ұжымдарды танымал ету; өзіндік мәдениеттің алуан түрлілігін, қазақ және басқа да мәдениеттердің рухани әлеуетін ашу, руханилықты, оқушылардың жалпы мәдениетін арттыру; салауатты өмір салтын насихаттау.
«Ақмола жұлдыздары – 2019» байқауына қаланың 25 жалпы білім беретін мектептерінен 7000-нан астам оқушы және 25 мектепке дейінгі ұйым қатысты.
Гала концерттің соңында байқауға қатысушылар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Ұжымдарды сапалы дайындағаны үшін білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен 39 педагог-ұйымдастырушы, хореограф, музыкалық жетекшілер, қала мектептерінің технология мұғалімдері марапатталды. 6 шығармашылық ұжым түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Жоғары көрсеткіштері үшін шығармашылық ұжымдар дипломдармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында:
Гран-при: «Мирас» б/б
1 дәрежелі диплом – Ю.Гагарин ат. № 33 б/б
2 дәрежелі диплом-«Өркен» , «Достық» б/б
3 дәрежелі диплом- «Аққу» б/б , «Әсел» б/б, «Еркемай» б/б
Жалпы орта білім беру ұйымдары арасында:
Гран-при: №21 ОМЛ
1 дәрежелі диплом -ІТ мектеп-лицейі, №3 ККОМГ
2 дәрежелі диплом – № 2 ОМЛ, №15 ЖББНМ
3 дәрежелі диплом – №13 ЭМГ, №4 ОМ,№2 КОМ, №1 КОМ
«Ақмола жұлдыздары – 2019» Гран - при иегерлері - № 18 «Мирас» балабақшасы мен № 21 орта мектебі- лицейінің шығармашылық ұжымдары дипломдармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Құттықтаймыз!