Ағымдағы жылғы 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жобаларының халықаралық байқауына Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінің 9,10,11 сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты.
Аталмыш конкурс ғылыммен әуестенген дарынды оқушылардың интеллектуалды жарысы. оқушылардың дербес ғылыми-зерттеу жұмыстары зерттеу тақырыбы болып табылады.
Байқаудың мақсаты-мектептегі математикалық білім беруді дамытуға жан-жақты көмек көрсету, оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің ұйымдастыру жүйесі мен инфрақұрылымын жетілдіру.
Ақмола облысынан осы байқаудың облыстық кезеңінің 14 жеңімпаз оқушысы қатысты. Барлығы өз жобаларын математика, қолданбалы математика, физика, экономика, техника секцияларында қорғады.
ІТ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Мирас Мадиевтың жобасы үздік деп танылып, І орынды иеленді. Ол өз жобасын Физика секциясында «Fast and Far» тақырыбында ұсынып, абыроймен қорғап шықты. Оқушының ғылыми жетекшілері №17 ОМГ физика пәнінің мұғалімі Ислямова Алия Бексултановна және IT мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Шайзада Байболат.
ГТЛ 11 сынып оқушысы Галкина Анна Математика секциясында «Диихле принципі бойынша геометрияның сұлулығы» тақырыбында жобасын ұсынып, 3 жүлделі орынды олжалады. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Жантубетова Баян Аманжоловна.