Мемлекет басшысының Жолдауы және Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және шығармашылық әлеуетті жандандыру, әрі қарай кәсіби өсу үшін жағдай жасау, инновациялық белсенділігін дамыту мақсатында, Көкшетау қаласының білім бөлімі 2019 жылдың 20 ақпан күні білім беру ұйымдарының жас педагогтары арасында өткен «Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз» қалалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімін өткізді.
Байқауға қала мектептерінен 20 жас маман қатысты.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйақы сертификаттары және дипломдармен марапатталды.
Бас жүлдені It мектеп- лицейінің биология пәнінің мұғалімі Асылбек Толғанай Талғатқызы жеңіп алды. Қала әкімінің атынан 100 000 теңге сертификат және дипломмен марапатталды.
1-орынды №17 ОМГ математика пәнінің мұғалімі Айтанова Жібек Сериковна иеленді. Ұстаз қала әкімінің атынан 80 000 теңге сертификат және 1 дәрежелі дипломмен марапатталды .
Жүлделі 2-орынды № 6 ОМЛ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Молдабаева Гүлден Алмасовна және № 7 ОМ биология пәнінің мұғалімі Әуезбекқызы Назерке иеленді. Ұстаздар қала әкімінің атынан 60 000 теңге сертификат және 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
3-орынға ие болған №11ОМГ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуаныш Мирас Ерденұлы, №1ОМГ информатика пәнінің мұғалімі Казбекова Рыскелды Тасболатовна және ККОМГ№3 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дыбыс Нұргүл Еркінқызы қала әкімінің атынан 40 000 теңге сертификаты және 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!