07.12.2021
Шахмат-бір қарсыластың екіншісінен зияткерлік артықшылығын көрсетуге арналған өте ежелгі және қызықты ойын. Ғасырлар бұрын пайда болған осы ежелгі, ең танымды да, қызықты спорт ойынын адамдар қатты ұнатып, үлкен қызығушылықпен ойнаған. Өркениетті басып озып келе жатқан танымал шахматтың тарихы бұл тамаша ойынды қалай ойнауды үйренудің тағы бір дәлелі екендігі даусыз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Көкшетау қаласының білім бөлімі әл-Фараби атындағы IT лицейінің базасында классикалық шахматтан турнир өткізді. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, педагогикалық еңбек ардагері, шахмат бойынша спорт шеберіне кандидат Мукушев Тельман Шарипович қала мектептерінің 25 жас шахматшыларымен бір мезгілді ойын сеансын өткізді. Өз құрдастарының арасында № 2 мектеп-лицейінің оқушысы Мамыров Бейбарыс Тельман Шариповичпен финалдық ойында тең есеппен үздік шықты.
Жеңіске деген жігері үшін Мамыров Бейбарыс 1-дәрежелі Дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Бір мезгілді ойын сеансының барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.