"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

29.02.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

2). мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

-   мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны- 22;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-4;

- тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-22;

- Электрондық Үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 13

- ақпараттық жүйенің электрондық түрі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны (akmola.kz) – 2

- электрондық нысанда, қағаз нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-3;

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 30263, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 426, қағаз нысанда – 16254, электрондық нысанда – 13583.

3) Аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. Мемлекеттік қызмет көрсетудің неғұрлым талап етілетін түрлері – «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 7793; «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою» - 4125; «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 4851.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлек1еттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ресми сайтында орналастырылған (https://kokshetau.aqmoedu.kz/content/6827-08-02-21-15-52-41-gosudarstvennye-uslugi), бөлімде көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар "Instagram" әлеуметтік желісі арқылы, 1414 Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы, білім беру ұйымдарындағы ақпараттық стендтер арқылы ақпарат алады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.   

Жария талқылау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің ресми интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір көрсетілетін қызметті алушы есеппен танысып, пікір қалдыра алады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылдың 12 айында бөлім Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 14 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша семинар-кеңестер-3, әлеуметтік желілерде ақпараттандыру-10, тікелей эфирлер - 1. Барлығы 40 000-нан астам адам қамтылды.  

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

      1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру нәтижелері. Білім беру ұйымдарында оңтайландыру және автоматтандыру үшін бірінші қабатта электрондық мемлекеттік қызметтердің «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қолжетімді. 

       2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. 2023 жылы білім беру ұйымдарының 20 қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

     1) 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. 

2023 жылы 4 білім беру ұйымы Ішкі бақылаумен қамтылды («Арай» б/б, №7 ЖББМ, №11 МГ, Ю. Гагарин ат. б/б).  БМ қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар әзірленді: халықты мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты өзектендіру, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау.    

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.  

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2024 жылға келесідей           іс-шаралар жоспарланды:   

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізу, білім беру ұйымдарының директорларын тыңдау; 

- танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспасөз басылымдары, бөлімнің интернет – ресурсы арқылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері мен уәждемесін күшейту туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 16:45
Құрылған күні: 29.02.2024 16:45

Текст