«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 4 қараша күні «Мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың жас әдіскерлеріне әдістемелік көмек көрсету.Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымның нормативтік-құқықтық актілері, балабақшадағы басқару және бақылау, әдістемелік қызмет құрылымы және ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу мен талдау әдістемелері қарастырылды.
Жас әдіскерлер семинардың практикалық бөлігін ерекше атап өтті, онда оларға бақылау бойынша мақсат қоюдан бастап, өз бетінше ұсыныстар жасауға дейін әртүрлі вариацияларда ұйымдастырылған оқу қызметін талдау мүмкіндігі берілді.
Семинар-практикумның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне нәтижелі жұмыс жүргізу үшін ұсыныстар берілді.