05.11.2021
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 3 қараша күні география пәнінің мұғалімдері үшін «Тәжірибе алмасу-педагогтың табысты кәсіби өсуінің басты кепілі» оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында сыни ойлау технологиясын қолдану, география сабағында оқытудың ерекшеліктері мен әдістері, Padlet, Kahoot , Jamboard және т. б. платформалар арқылы оқушылардың дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша мұғалімдер география пәнін оқытудың негізгі бағыттарын талқылады.