2021 жылғы сәуір айында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» базасында 8-11 сынып оқушылары ХI облыстық Махамбет оқуларына Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі мен Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің үш оқушысы Айтен Алтынай, Бек Нұрсәуле, Тыныспек Әсел қатысты.
Осы дарынды оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениеттерін кеңінен көрсетіп, аталған байқауның белсенді қатысушылары болды.
Байқаудың 45 қатысушының арасында Көкшетау қаласы, № 1 Красный Яр орта мектебінің 8 сынып оқушысы Айтен Алтынай «Ұлы арман» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі Дипломға ие болды.
Байқаудың өнерлі қатысушылары Көкшетау қаласы, № 1 Красный Яр орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бек Нұрсәуле мен Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Тыныспек Әсел сертификат иегерлері болды.
ХІ Махамбет оқуларының қатысушыларына биік шыңнан көріне берулеріне тілектеспіз!