"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Физика пәні бойынша қашықтан оқыту кезінде критериалды бағалаудың қиыншылықтары мен оны шешу жолдары» тақырыбында онлайн-семинар

19.02.2021

2021 жылғы 17ақпан күні «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес физика пәні мұғалімдеріне арналған «Физика пәні бойынша қашықтан оқыту кезінде критериалды бағалаудың қиыншылықтары мен оны шешу жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Қашықтан оқыту кезінде критериалды бағалауды іс жүзінде қолдануда мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру және оқу процесінде интернет платформаларды тиімді қолдану.

Семинарға қалалық мектептердің физика пәні мұғалімдері қатысты. С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің мұғалімі Шокимова Г.К. Kahoot бағдарламасын қолданып, қалыптастырушы бағалаудағы ерекшеліктерін атап өтсе, № 16 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Әйкен Г. Classroom платформасында жиынтық бағалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, кері байланыс жүргізу, ата-аналармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін көрсетті. Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Фахруденов Р.Б. виртуалды лаборатория арқылы зертханалық жұмыстар мен физикалық эксперименттерді орындап, критерийлер арқылы бағалауымен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша, мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісіп, қашықтан оқыту кезінде критериалды бағалауда интернет-платформаларды, бағдарламаларды тиімді пайдалану үшін ұсыныстар берілді.

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст