Тәуелсіздік – еліміздің ең ұлық мейрамы, барша Қазақстан халқының айрықша ардақты күні, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі.Осы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Ширек ғасырдан астам уақыт бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болудың бірегей қадамы жасалды.
Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елі бүгінде ғаламдық аренада кеңінен танылып, Қазақстан халқының бейбіт өмірі дүниежүзінде үлгі болып келеді.
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осы уақыт аралығында бағындырған белестері, әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай табыстары орасан.
Шын жүректен Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, молшылық, бейбітшілік, заман талабына сай білім мен тәрбие ісін жаңа сипатта дамытуда,тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне бағытталған барлық бастамаларыңызға табыс, сәттілік тілеймін.
Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекеттігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ
басшысы Д.Башарова