1 қазанды біз жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» дегендей қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем болары хақ.
Бұл күні бәріміз сіздерді қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адамгергершілік және даналық қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы, немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы да әрине сіздерсіздер.
Осы мерейлі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық пен амандық тілеймін, замандастарыңыз бен жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен қамқорлығына, құрметіне бөлене беріңіздер.
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ
басшысы Д.У. Башарова