"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР Презтдентінің жолдауын талқылау

21.09.2020

«Көкшетау қ. білім бөлімі» ММ ұжымы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша отырыс өткізді.

         Осы құжатты талқылау кезінде дағдарыстан кейінгі еліміздің дамуының нақты қадамдарын түсіндіруді қамтитын негізгі бөлімдерге ерекше назар аударылды.

         Ұйымдастыру-кадр жұмысы секторының меңгерушісі Р.К. Шаймерденова Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні бойынша жалпы шолу жасады.

         Ұжым білім беру саласымен тікелей байланысты болғандықтан, «Оқушыларға сапалы білім беру» мәселесі жан-жақты талқыланып, ой-пікірлер ортаға салынды. Бұл бағытта әдіскер Г. О. Дюсенова Президенттің негізгі тапсырмаларына тоқталып, қала педагогтеріне жүйелі әдістемелік көмек көрсетудің, мамандандырылған курстарда оқыту арқылы олардың біліктілігін арттырудағы қызметін жандандырудың, яғни  жекеменшік балабақшаларға кадрлармен қамтамасыз ету тұрғысынан тиімді әдістемелік көмек көрсетудің  нақты жолдарын ұсынды.

         Жолдаудың «Өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру туралы», «Балалардың денсаулығын нығайту туралы», «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы» бөлімдерін қарастыра отырып, білім бөлімінің мамандары С.Ж. Бейсембаева, З.С. Әмірхан, Н. А. Шматко «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында маңызды мақсаты оқушылардың экологиялық мәдениетке саналы көзқарасын қалыптастыру болып табылатын тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруға баса назар аударды.  Қорғаншылық және қамқоршылық органы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен пәрменді жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.

         Отырыс соңында Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы

Д. У. Башарова ұжымға Ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру бойынша одан арғы іс-қимылдар жоспарын әзірлеуді тапсырды, ол 21 ғасырдың жас өрендері неғұрлым білімді болуы үшін  білім беру қызметкерлері тынымсыз еңбек етіп, заман талабына сай болуы тиіс екендігіне баса тоқталып, сөзін түйіндеді.

 

Просмотров: 956


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст