Қымбатты әріптестер!
Сіздерді ізгі ниетпен, шын жүректен көгілдір көктемнің ең шуақты мейрамы - Халықаралық Әйелдер Күнімен құттықтаймын! Осы тамаша мереке – әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Әйел - адамзаттың үміті, мейірімділіктің мөлдір бұлағы, сұлулықтың мәні, тіршіліктің тамыры және өмірдің сарқылмайтын күші! Ана, әйел қуанышы – ол әр отбасының, еліміздің, Отанымыздың мерейі!
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда сыйлы, сүйікті, қадірлісіздер. Әр күндеріңіз жылылыққа және жарқын әсерлерге толы болсын.
Шаңырақтарыңыз бірлік пен берекенің, ырыс пен несібенің, әсемдік пен әдеміліктің отауына айналсын!
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Б.Жусупов