2018 жылғы 24 ақпанда Көкшетау қаласының білім бөлімімен №2 ОМЛ жалпы білім беретін мектептердің 1 сыныптары және түзету сыныптары арасында «Білгір бүлдіршін -2018» Интеллектуалды Марафоны өткізілді.
Интеллектуалды Марафонның мақсаты: білім беру процесінде барлық оқушыларға білім беру ресурстары мен технологияларының тең қолжетімді болуын қамтамасыз ету, дарынды балаларды анықтау және қолдау, өзін - өзі шығармашылық жүзеге асыруына ықпал ету.
Аталған іс - шара бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды орындау іскерліктерін анықтауға, табысқа жету, жете алмау себептерін түсінуге, сәтсіздік жағдайларында да конструктивті әрекет ете білу, логикалық әрекеттерді салыстыру мүмкіндіктерін орындау, талдау, жинақтау, қорытындылау, ұқсастықтар мен себеп - салдарлық байланыстарды орнату қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Интеллектуалды Марафонға қала мектептерінен қазақ тілінде оқитын 27 оқушы және орыс тілінде оқитын 19 оқушы қатысты.
Марафонға қатысушылар Математика, Дүниетану, Тілдер, Әдебиет, Шығармашылық, Логика, Өзін -өзі тану, Тарих, Спорт, Квест және Музыка бекеттеріне өтіп ойын тапсырмаларын орындады.
Интеллектуалды Марафонға қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша мадақтамалармен марапатталды:
1. «Үміт жұлдызы»
2. «Жас математик»
3. «Алғырлар мен тапқырлар»
4. «Жас өнерпаздар»
5. «Жас таланттар»
6. «Эрудиттер»
7. «Зияткерлер»
8. «Жас данышпандар»
9. «Тіл дарыны»
10. «Тарихтың алтын құсы»