2018 жылғы 24 ақпанда №6 ОМЛ Көкшетау қаласы білім бөлімінің ұйымдастырумен «Табысты оқушы - құзыретті мұғалімнің жүйелі –іс-әрекетінің нәтижесі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: сабақта белсенді әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын және шығармашылық қиялын дамыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Семинар жұмысына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында төмендегідей сұрақтар қарастырылды:
Ø Сабақ беру мен оқытудың жаңа стратегияларын қолдану арқылы кәсіптік жетістіктерге жету.
Ø Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып мұғалімдерінің өз жұмысында белсенді әдістерді қолдану қажеттігін анықтау.
Ø іс-әрекеттік негізде тіл және шығармашылық қиялды дамыту бойынша жұмыс тәсілдерін пысықтау (топпен жұмыс)
Ø әріптестерімен сындарлы өзара әрекеттесу процесінде мұғалімдердің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау.
Семинар барысында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. Жоғары санатты, 2 деңгейлі ұстаздар С.Е. Касымова, Н.К. Жанабаева «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында шеберлік -сабақ өткізді.
І санатты мұғалімдер Б.Р. Млейник, Н.В. Фитерер, Т.В. Воеводина сабақта тапсырмаларды тиімді шешуге септігін тигізетін және белсенді әдістемелік жұмыстарды қолдану туралы шеберлік-сабағын қатысушылардың назарына ұсынды.
Практикалық семинарды жоғары санатты 1 деңгейлі мұғалім А.А. Макишева және І санатты 3 деңгейлі мұғалім Г.А. Казбекова «Бес саусақ әдісі» рефлексиямен қорытындылады. Қатысушылар бастауыш мектепте оқытуды талқылауда белсенділік танытып, осы семинардың өзектілігі мен практикалық бағыттылығын айрықша атап көрсетті.