Текст
Көкшетау қаласының білім бөлімі 2018 жылғы 27 ақпанда №13 «Экос» ЭМГ негізінде жалпы білім беретін мектептердің Қамқоршылық кеңесі төрағаларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш іс-шара барысында білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің типтік ережесіне сәйкес Қамқоршылық кеңесі қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер талқыланды.
Білім бөлімі өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімі туралы ақпаратты орналастыру үшін Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілгеннен кейін хаттамасын үш жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей білім бөліміне жіберу қажеттігі және Үлгілік қағидаларын сақтау жөнінде ұсыныстар берді.