"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!»

11.08.2020

Құрметті ата-аналар!

Көкшетау қаласының прокуратурасы балалар өлімінің қайғылы оқиғаларын болдырмау үшін өзіңіздің және басқа да балалардың өмірі үшін жауапты және барынша мұқият болуға шақырады!

            Естеріңізде болсын: бөтен балалар болмайды, біздің балаларымыздың өмірі өзімізге байланысты! Балалар әрдайым ойын-сауықтың қауіптілік деңгейін дұрыс бағалай алмайды. Әрбір ересек адамның міндеті мен жауапкершілігі – балаларды мұқият болуға үйрету, өзінің өмірі мен денсаулығын қатерге тікпеу, өзі үшін қауіпті жағдайларға жол бермеу болып табылады.

Балаларды қысқа уақытқа қалдырып, Сіз олардың өміріне қауіп төндіресіз. Әр түрлі себептерге байланысты, оның ішінде олардың кәмелетке толмаған жасындағы ересектердің көмегінсіз қалған балалар, кейде денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін,  оларды өз бетінше жеңе алмайтын  жағдайларда болады.

Құрметті ата-аналар бірінші кезекте Сіздер өз балаларыңыздың өміріне жауапты екендіңізді есте сақтаңыздар. Ата-аналардың ешқайсысы өз баласына жамандықты тілемейтіні бәріне мәлім. Көп жағдайларда – бұл адамның бейқамдығы. Өкінішке орай, біз өз қателіктерімізден сабақ аламыз! Қайғылы оқиғаның тереңдігін түсіну мен ұғыну ата-аналарға ештеңе қайтарылмаған кезде ғана келеді. Автомобильді және темір жолдарында, су айдындарында және үйде  балалардың мінез-құлқын бақылаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларды қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйретіңіз!

Балаларды оқыс-оқиғалардан қорғау үшін келесі қарапайым ережелерді орындауға көмектеседі: 

Балаларды ешбір жағдайларда қараусыз қалдырмаңыздар!

Балалардың қол жетімді орындарында сіреңке, кесетін, тескіш заттарды, сондай-ақ үтік, кастрюль, таба, шәйнек, кеселер мен тәрелкелерді қалдырмаңыздар және сақтамаңыздар.

Тұрмыстық химия заттарын бала алатын жерге қоймаңыз: тұрмыстық химия ауыр улануларға, көздің, терінің және ас қорыту жүйелерінің күйуіне әкеп соғады.

Балаларға ойнау үшін ұсақ заттарды (түймелер, күміс, моншақ, ұсақ детальды конструкторлар) бермеңіздер: бала оны аузына салып, байқаусыздан жұтып қойуы, мұрнына, құлағына салуы мүмкін, бұл денсаулыққа, кейде баланың өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін.

Балалардың қол жетімді орындарында дәрі-дәрмектерді қалдырмаңыз, себебі бала оны жеп немесе ішуі және ауыр улануы мүмкін, соның салдарынан баланы өмір немесе өлімнің шегіне қоюы мүмкін.

Үйде (пәтерде) тезелерді ашық түрде (желдетуге қойылған) қалдырмаңыз: бала орындықты қойып, терезе тақтайшасына мініп, москитті торға жабысып, төмен қараймын деп терезеден құлап кетеді. Москит торы балаларды терезеден құлап кетуден қорғауға арналмаған.

Кішкентай балаларға өз бетінше теледидарды, компьютерді және басқа да тұрмыстық техниканы қосуға рұқсат бермеңіз. Баланы жанып тұрған тұрмыстық техниканың қасында жалғыз қалдырмаңыз.

Құрылыс құралдарын (дрель, ара және т.б.) желіге қосулы күйінде қалдырмаңыз.

Пәтердегі (үйдегі) барлық тұрмыстық құралдар жарамды күйде болуын қадағалаңыз, электр желісі шамадан тыс жүктелмесін, желілік фильтрлер еш ақаусыз болуы және барлық бөлмелер арқылы тартылмауы тиіс (яғни олардың үстінен ешкім жүрмеу керек және оларды басуға болмайды және т.б.). Балаларға салынып жатқан нысандардың, инженерлік коммуникацияларға арналған ашық тұрған жылу трассасы мен қазаншұңқырлардың және т.б. қасында ойнауға рұқсат бермеңіз.  Бұл тыйымды елемеу көбінесе қайтымсыз қайғылы салдарға әкеледі!

Құрметті ата-аналар!

Есіңізде болсын, қиындықты алдын алу оңай! Ата-аналардың ең басты міндеті – өзінің баласы үшін қауіпсіз ортаны құру, онда ол үйлесімді дами алады.

Өз балаларыңызды қорғаңыздар!

Көкшетау қаласының прокуратурасы.

 

Просмотров: 649


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст