Пән олимпиадалары қорытындыланды
Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында«Достар» МҮ 2016-2017 оқу жылының республикалық пән олимпиадасының қалалық және облыстық деңгейінің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараға қала мектептерінен 184 оқушы, мектеп басшылары мен орынбасарлары, пән мұғалімдері мен ата-аналар қатысты.
Көкшетау қаласының білім бөлімінің басшысы Жусупов Бейбіт Айтымұлы пән олимпиадасын қорытындылап, жеңімпаздарды құттықтады.
Қалалық олипиаданың жеңімпаздары І дәрежелі дипломмен марапатталып, сыйлыққа энциклопедия және «Звездный» сауықтыру орталығында 2 жұма тегін демалуға 40000 теңгенің сертификатын алды.
Облыстық олимпиадада жүлделі І және ІІ орын алған қалалық олимпиаданың жеңімпаздары және 1-2 сыныпқа озық қатысып, облыста жүлдегер атанған оқушылар қала әкімінің атынан ноутбук және планшетпен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтаймыз. Республикалық пән олимпиадасында жеңіс тілейміз.