"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24.01.2017

«Биоинформатика және Синергетика технологиясын қолдану –сабақтың нәтижелілігі мен сапасын арттырудың тиімді тәсілі»

2017 жылғы 18 қаңтарда «Көкшетау қ. №4 Орта мектеп» КММ негізінде «Биоинформатика және Синергетика технологиясын қолдану –сабақтың нәтижелілігі мен сапасын арттырудың тиімді тәсілі» тақырыбында Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Математика пәнін оқытуда: алгоритм, биоинтернет Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша негізгі технологиялық карталарды көрсету және оқыту.

Семинар жұмысына 50 бастауыш сынып пен математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Осы іс-шара аясында Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Төменгі және орта буындарда математика пәнінен 6 сабақ көрсетілді: «Алгоритм» картасы бойынша «Мың көлеміндегі сандарды қосу және азайту» тақырыбында мемелекеттік тілде оқитын 3-сыныпта, мұғалімі Ж.С. Жадрасынова, «Есептердің шешімін бірлікке келтіру» тақырыбында орыс тілінде оқитын 3-сыныпта, мұғалімі А.Д. Новик, «Биоинтернет» картасы бойынша «Үш таңбалы санды жазбаша көбейту» тақырыбында мемелекеттік тілде оқитын 4-сыныпта, мұғалімі К.М. Жылқыбай, "Дәреже арқылы ауысуымен көп мағыналы сандарды көбейту" тақырыбында орыс тілінде оқитын  4-сыныпта, мұғалімі Н.Л. Сосонная, «Алгоритм» картасы бойынша «Аралас сандарды азайту» тақырыбында 5-сыныпта жас мұғалім А.Ю. Павлушина, «Биоинтернет» картасы бойынша «Қысқартылған көбейту формуласы» тақырыбында 7-сыныпта, математика мұғалімі Г.К. Маликова.

Семинарға қатысушылар математика сабақтарында Биоинформатика және Синергетика технологиясының қолданылуын талқылады, «Білім беру технопаркі» жобасының үйлестірушісімен ұсыныстар берілді.

Просмотров: 557


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст