"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ 2017 жылдың 13- 23 ақпан аралығында балабақшалар арасында жаңа 240 орынға мектепке дейінгі тәрбие мен мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды

13.02.2017

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ 2017 жылдың 13- 23 ақпан аралығында балабақшалар арасында жаңа 240 орынға мектепке дейінгі тәрбие мен мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

1) Комиссия төрағасының атына 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 еңбек нарығының қажеттіліктерін

ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ( әрі қарай- Ереже);

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің

көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;

5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме нысанын толтырады.

Әлеуетті қызмет берушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімді 2017 жылғы 24 ақпан күні сағат 15.00-ге дейін конкурсты ұйымдастырушының қолына Көкшетау қаласы, Кұдайбердиев көшесі 57 үй, тел.255162, каб.4 мекен-жайына тапсырысты ұсынады.

 

 

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст