Көкшетау қаласы №6 ОМЛ-нің 11 «А» сынып оқушысы Саматова Томиристің «50 причин, чтобы жить», «Один день из жизни ангела» атты кітабы бойынша тұсаукесер шығармашылық кездесу
2017 жылғы 22 – 25 ақпан аралығында №2, №3, №19, №13 қала мектептертері негізінде Көкшетау қаласы №6 ОМЛ-нің 11 «А» сынып оқушысы Саматова Томиристің «50 причин, чтобы жить», «Один день из жизни ангела» атты кітабы бойынша тұсаукесер шығармашылық кездесу өтті.
Тұсаукесер шығармашылық кездесуге Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Б.А.Жусупов, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психолог-педагогтар және 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Кездесуге қала мектептерінің 611 қала мектеп оқушылары қатысты.
Тұсаукесер бағдарламасымен модератор Е.Ю. Мельберт (№6 ОМЛ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі) кітаптың авторы туралы, жалпы кітаптың мазмұнымен қысқаша таныстырып өтті.
Кітаптың авторы Саматова Томирис осы туындының негізгі мазмұны, оны жазуға түрткі болған себептері,жасөспірімдердің өмірге деген оң
көзқарасы жайында әңгімелеп берді. Томиристің шығармашылығы жайында оқырмандар (сыныптас, құрбы-құрдастары, оқушылар) шығармадан алған әсер, алғыс, пікірлерін бейнеролик арқылы білдірді. Сондай-ақ, кездесу соңында залдағы тыңдарман оқушылар жас жазушыға шығармаларының мазмұнына қызығушылық танытып, кітап жазу себебі, негізгі кейіпкері кімге арналғаны, тағы басқа қандай іспен айналысатындығы, алдағы уақыттағы жоспары бойынша сұрақтарына жауап алып, болашағынан зор үміт күттіретін жас қаламгерге тілек-пікірлерін білдірді.
Томиристің төлтуынды еңбектерінің жасөспірімдердің өмірге деген көзқарастарын,құштарлықтарын,сенімдерін,әрқашан тығырықтан шығар жол табуға болатындығын,өмірдің кереметтігін ұғындыруда тәрбиелік-тағылымдық мәні зор. Оқушылар аталмыш кештен рухани азық алғандары сөзсіз.
Жас қаламгер Томириске шығармашылық табыс,жазушылық жолында қаламы мұқалмай,ойы ұшқыр болып,оқырмандарының таңдаулысы болуына тілектестігімізді білдіреміз!