Қадірлі әріптестер!
Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Қарқынды дамыған заман талабына сай жаңа тұрпатты қоғамдық -саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеуде, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде педагог әйелдердің еңбегі өлшеусіз. Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге сәттілік тілеймін.
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда сыйлы, сүйікті, қадірлісіздер. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін.
Құрметпен Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Б.А.Жусупов