"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу-тәрбие процесінде «Биоинформатика және Синергетика» технологиясын қолдану

06.03.2017

Оқу-тәрбие процесінде «Биоинформатика және Синергетика» технологиясын қолдану

  Көкшетау қаласының білімі бөлімі 2017 жылғы 1 наурызда «№1 Красный Яр орта мектебі» КММ «Оқу-тәрбие процесінде «Биоинформатика және Синергетика» технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: қазіргі заманғы педагогтың біліктілік көрсеткіші ретінде «Биоинформатика және Синергетика» технологиясын қолдану мүмкіндігін түсіну.    

Семинар жұмысына қала  мектептерінен 21 мұғалімі қатысты.

Осы іс-шара аясында Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Орта және жоғары буындарда 5 сабақ көрсетілді: «Ауызша сабақ 2» картасы бойынша «Бұршақ тұқымдастар» тақырыбында 6 «Г» сыныпта, биология пәнінің мұғалімі Г.М.Хайдарова, «Ауызша сабақ 1» картасы бойынша    «Янко-музыкант» тақырыбында мемлекеттік тілде оқитын 6 «Ә» сыныпта, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Ж.Усманова, «Биоинтернет» картасы бойынша «Шаршылық теңдеуді шешу» тақырыбында 8 «Б» сыныпта жас мұғалім С.Е. Карамендина, «Ауызша сабақ 2» картасы бойынша «Ананың анасы» тақырыбында 7 «Б» сыныпта, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Б.Б.Ескендирова, «Ауызша сабақ 1» картасы бойынша «Фотоәсер» тақырыбында 9 «В»сыныпта, физика пәнінің мұғалімі  Р.Б. Фахруденов.

Қатысушылар семинардың соңында алған әсерлерімен бөлісіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст