«Биоинформатика және Синергетика» технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау және танымдық қызметін дамыту»
Көкшетау қаласының білімі бөлімі 2017 жылғы 17 наурызда «№11 орта мектеп-гимназиясы» КММ «Биоинформатика және Синергетика» технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау және танымдық қызметін дамыту» тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізді.
Семинардың мақсаты: оқу пәндерін сапалы меңгеруге қызығушылық пен ынтаны қалыптастыру.
Семинар жұмысына қала мектептерінен 45 мұғалім қатысты.
Іс-шара аясында Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бастауыш, орта және жоғары буындарда 8 сабақ көрсетілді: «Ауызша сабақ-2» картасы бойынша «Тірі организмдердің табиғи қоғамдастығы» тақырыбында 11 «А» сыныпта, биология пәнінің мұғалімі С.А. Шаталова, «Алгоритм» картасы бойынша «Функцияның ең көп және ең аз мәні» тақырыбында 10 «А» сыныпта, математика пәнінің мұғалімі И.А. Ильина, «Тренажер» картасы бойынша «Калдықпен бөлу» тақырыбында 3 «Д»
сыныбында, бастауыш сынып мұғалімі Т.Ю. Меркалова, «Алгоритм» картасы бойынша «Үштаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту және бөлуді пысықтау» тақырыбында 3 «Б» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі А.Д.Байдулина, «Ауызша сабақ-2» картасы бойынша «Сөйлеуде кіріспе сөздерді қолдану» тақырыбында 8 «А» сыныпта, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Т.В. Еременко, сонымен қатар «Ауызша сабақ-3» картасы бойынша П.Васильевтің «Серке туралы ән» тақырыбында 5 «Б» сыныпта, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі О.М. Сенчук, және де осы сыныпта «Алгоритм» картасы бойынша «Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу ережесі» тақырыбында жас маман математика пәнінің мұғалімі К.Т. Кустаулет, «Алгоритм» картасы бойынша «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу» тақырыбында 5«Ә» сыныпта, математика пәнінің мұғалімі Д.М. Каримова өткізді.
Қатысушы ұстаздар үлкен үзілісте өтетін ауызша санау өткізілуімен танысты.
Семинардың соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.