Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің шығармашылық конкурсы
«Мәңгілік ел» идеясын іске асыру шеңберінде балалар мен оқушылардың еліміздің рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау мақсатында 2017 жылдың 28-31 наурыз аралығында №18 орта мектебінде мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің мектепке дейінгі, мектеп алды және 1-11 сынып оқушылары арасында қалалық шығармашылық конкурс өткізілді. Әдебикөркем оқу, музыкалық қонақжай, театрландырылған қойылым, ұлттық қолданбалы өнер номинациялары бойынша 184 бала қатысып, 72 бала жүлдегер атанды. Kонкурстың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломмен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!!!