"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Биоақпараттандыру және Синергетика» білім беру технологиясы – сапалы білім берудің кепілі»

13.04.2017

«Биоақпараттандыру және Синергетика» білім беру технологиясы – сапалы білім берудің кепілі»

  Көкшетау қаласының білімі бөлімі 2017 жылғы 4 сәуірде  «№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназия» КММ «Оқу-тәрбие процесінде «Биоинформатика және Синергетика» технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: «БжС» білім беру технологиясын енгізу арқылы  оқушылардың ойлану жылдамдығын арттыру,  есте сақтау, сөйлеу мен оқу сауаттылығын дамыту және жалпы білім сапасын арттыруға   бағытталған жұмыс жүйесімен тәжірибе алмасу.

Семинар жұмысына қала  мектептерінен 25 мұғалімі қатысты.

Осы іс-шара аясында Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Орта және бастауыш буындарда 6 сабақ көрсетілді: «Ауызша сабақ - 1» картасы бойынша «Тірі организмдердің көптүрлілігі және олардың және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайы» тақырыбында 6 «Б» сыныпта, география пәнінің мұғалімі Р. С. Малгаждарова, «Алгоритм» картасы бойынша    «Жазбаша көбейту және бөлу» тақырыбында 3 «А» сыныпта, бастауыш сыныбының мұғалімі А. Б. Алибекова, «Биоинтернет» картасы бойынша «Жазбаша көбейту және бөлу» тақырыбында 3 «Б» сыныпта Л. Ө. Шарипова, «Биоинтернет» картасы бойынша «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында 5 «Б» сыныпта, математика  пәнінің мұғалімі О. Б. Абишева, «Биоинтернет» картасы бойынша «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбында 6 «Б» сыныпта, математика пәнінің мұғалімі  Г. Қ. Төлегенова; «КТС» картасы бойынша «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында 5 «А» сыныпта, математика пәнінің мұғалімі С. Б. Шаймерденова.

Қатысушылар семинардың соңында алған әсерлерімен бөлісіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст