"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог - 2017» сайысы

13.04.2017

«Үздік педагог - 2017» сайысы

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығының негізінде жыл сайын қалалық конкурс өтеді.

Конкурстың мақсаты – үздік мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және марапаттау, олардың педагогикалық тәжірибелерін насихаттау және ұстаздар беделін өсіру. Сонымен бірге облыстық сайысқа үздік педагогты іріктеу.

 Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде №21орта мектеп базасында қалалық «Үздік педагог-2017» сайысы өтті. Конкурсқа қала мектептерінен 14 педагог қатысты.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйақымен марапатталды.

Бас жүлдені №17орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қошанов Серік Сүлейменұлы жеңіп алды. Ұстаз қала әкімінің атынан 100 000 теңгенің сертификаты және дипломмен марапатталды.

1-орынды иеленген №14орта мектебінің география пәні мұғалімі Досанова Салтанат Амантайқызы 80 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

Жүлделі 2-орынды ГТЛ ағылшын тілі мұғалімі Громова Марина Владимировна иеленді. Ұстаз қала әкімінің атынан 60 000 теңгенің сертификатымен және 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

3-орынға ие болған №1КОМ математика пәні мұғалімі Ганиева Шахригуль Мамадалиевна қала әкімінің атынан 40 000 теңгенің сертификаты мен 3 дәрежелі дипломды иеленді.

 Номинация иеленген педагогтарға бағалы сыйлықтар сыйға тартылды.

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст