"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасындағы қолайсыздықты ерте анықтау әдістері»

20.04.2017

«Отбасындағы қолайсыздықты  ерте анықтау әдістері»

2017 жылғы 14 сәуірде «Көкшетау қ. №1 орта мектебі» ММ негізінде жалпы білім беретін мекемелердің әлеуметтік педагогтары үшін қалалық семинар өтті. Семинардың пленарлық бөлігіне  Ақмола облысы білім Басқармасының бас маманы А.О. Абенова, «Көкшетау қ., №1 қалалық емханасы» МКҚК балалық шақ бойынша бас дәрігердің орынбасары Ж.Ж. Аубакирова,  «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ директорының  оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, Көкшетау қ. ІІД  ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы А.О. Кошкенова қатысты.

Дөңгелек үстел түрінде өткен семинарда қатысушылар тәжірибелерімен бөлісті, отбасындағы жайсыздықты ерте анықтау, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды уақытылы анықтау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы ерте кезбелікке салыну,  панасыздық, қадағалаусыздықтың алдын алу бойынша туралы мәселелер шешілді.

Семинар қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың және отбасылық-тұрмыстық салада қолайсыздықтың алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтардың әртүрлі құрылымдармен өзара әрекеттестік пен ұсыныстар бойынша іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Просмотров: 638


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст