Ақмола облысы Білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин
атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК өткен «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысу бойынша ақпарат
2017 жылғы 27 сәуірде Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжде педагог мамандығы бойынша түлектерді бөлу «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.
Аталмыш жәрмеңкеге жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері қатысты.
Колледж түлектерімен сұхбат өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша «Бастауыш оқыту мұғалімі», «Деншынықтыру және спорт мұғалімі», «Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру музыка мұғалімі», Қазақ тілі және әдебиеті», «Шет тілдері мұғалімі» мамандықтары бойынша 20 жас мамандар жұмысқа шақырылды №3,6, 8,17,19
ОМ және «Ертөстік» б/б, «Күншуақ» ш/о.
Қала мұғалімдерінің қатары жас мамандармен толығады деп үміттенеміз. Колледж түлектеріне дипломдарын табысты қорғауларына тілектеспіз!