«Мектепте білім беру сапасын арттырудың шарттары» семинар-кеңес
Ағымдағы жылғы 25 сәуірде №14 ОМ негізінде өткен семинар-кеңестің жұмысына Көкшетау қаласы мектептерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинарда білім сапасы деген не, оны өлшеуге, салыстыруға, бағалауға қандай көрсеткіштер мүмкіндік береді, білім сапасы неден құралады мәселелері қаралды.
№21 ОМ директорының орынбасары С.Т. Койшегарина мен №7 ОМ директорының орынбасары С.Қ.
Бабылова білім сапасын басқару мектепішілік бақылау құралы ретінде туралы баяндама жасады.
№3 ККОМГ директорының ОТЖ орынбасары Р.Б. Жангалиева мен №8 ОМ директорының ОТЖ
орынбасары И.С. Самусева жалпы білім беру дайындығының деңгейі төмен оқушылармен жұмысты
ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
№14 ОМ мектеп директоры Р.Б. Байболова «Білім алушылардың қорытынды аттестаттау мен ҰБТ жүргізуге және сапалы дайындығы үшін жағдай жасауды бақылау»
атты баяндама жасады.
Семинар соңында барлық қатысушылар қорытындысын жасап, келесідей ұсынымдар ұсынды:
1. МІБ және МӘБ пәндер бойынша білім сапасын арттырудың мақсатты жұмысын ұйымдастыру.
2. Мұғалімдерге теориялық білімдерін жетілдіру және педагогикалық шеберлігін арттыру мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету.
3. Оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді жою бойынша уақытылы түзету жұмыстарын жүргізу.
4. Ары қарай оқытуда базалық білімін қалпына келтіру сабақтарын, оның ішінде әрдеңгейлі оқыту технологиясын, 5-6 сынып, 7 - 9-сынып жалғаспалы қайталау курсын қоса жоспарлау қажет.
5. Қорытынды аттестаттау талаптарын ескере отырып, оқыту әдістемесін жетілдіру.
6. Пәндер бойынша сағаттарды ұтымды бөлу.
7. Бастауыш, орта және жоғары буын сабақтастығын сақтау.