Текст
«Жас Ұлан» және
«Жас Қыран» ұйымына қабылдау туралы
ақпарат
2017 жылғы 28 сәуірде сағат 11.00-де Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу
қарсаңында Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарында оқушыларды Республикалық
бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына
салтанатты түрде қабылдауы өтті.
Қабылданған оқушылардың жалпы саны 374 баланы құрады, оның ішінде «Жас Ұлан» құрамына -176, «Жас Қыран» құрамына 198 бала мүшелікке қабылданды.
Галстук байлау салтанатты рәсімінен кейін «жасұландықтар» мен «жаскырандықтар» ант
беріп, ұйымның толық құқықты мүшесі болды.
Іс-шара «Жас Ұлан» балалар- жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларымен дайындалған концерттік
бағдарламамен жалғасты.