«Балғын шақ» қалалық байқауы
2017 жылғы 25 мамырда «Достар» МҮ «Балғын шақ» байқауы өтті.
Байқауды ұйымдастырушы: «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ. Байқауға мектепке дейінгі мекемелерден өзге ұлт өкілдерінің 25 бүлдіршіндері қатысты.
Қатысушылардың білімі қазылар алқасының мүшелерімен лайықты бағаланды.
Бас жүлдені №9 «Қарлығаш» бала бақшасының тәрбиеленушісі Черепанова Лиза жеңіп алды. 1-орынды №33 «Ю.Гагарин ат.» және №7 «Айша» бала бақшаларының бүлдіршіндері Ласточкина Милана мен Белогрудов Ярослав иеленді. 2-орынды №10 «Алтын бала» бала бақшасы және «Балапан» жекеменшік бала бақшасының тәрбиеленушілері Гончаров Руслан мен Петченко Дарья бөлісті.
№12 «Мерей» және №1 «Арман» бала бақшаларының балғындары Тимофеев Иван және Заможневич Максим 3 –орын иегерлері атанды. «Көз айымы» номинациясына
№2 «Жұлдыз» және №38 «Сәуле» бала бақшалары лайықты деп танылды.
«Балғын шақ» байқауы қуаныш, шаттыққа толы, қызықты, тартымды өтті. Барлық қатысушыларға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен алғыс хаттар, грамоталар, балалар ойыншықтарын ұсынылды.