"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сәт - сапар, түлектер-2017!»

14.06.2017

«Сәт - сапар, түлектер-2017!»

2017 жылғы 12 маусым күні Көкшетау қаласының білім бөлімімен Тәуелсіздік алаңында «Сәт - сапар, түлектер-2017!» Мектеп бітіру кешіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Айтулы іс-шараға құрметті қонақтар Ақмола облысының әкімі Мурзалин  Малик Кенесбаевич, Көкшетау қаласының әкімі -Маржықпаев Ермек Боранбаевич, педагогикалық еңбек ардагерлері, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, мектеп ұстаздары, түлектер және олардың ата-аналары шақырылды.

Аталмыш мереке–әрбір түлек үшін жаңа үлкен өмiрдiң бастамасы, адамгершіліктің, мейірімділік  пен ризашылықтың, білім алудағы үздік жетістіктердің мерекесіне айналған маңызды оқиға болды.

Биылғы жылы  алтын ұя - мектептерімен  910 түлек қоштасқалы отыр, олардың арасында оқуда 11 жыл бойы жоғары нәтиже көрсеткен 56 оқушы "Алтын белгі" иегері атанып, 22  оқушы үздік аттестатқа қол жеткізді.

Қаламыздың талантты оқушылары шақырылған қонақтарға мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлады. Алаңда хореографиялық миниатюра, би попурри орындалып, әндер шырқалды.

Іс-шара облыс, қала әкімдерімен естелік суретке түсу және мерекелік отшашумен аяқталды. Барлық түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтаймыз. Осы күн мәңгі есте сақталып, жаңа үлкен өмiрге басқан  қадамдарың сәтті болсын!

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст