«Мейірім» балалардың дамуын түзету орталығының»
Көкшетау қаласында 2017 жылғы 28 тамызда екі жастан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармайтын балаларға арналған «Мейірім» балалардың дамуын түзету орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Орталықтың негізгі қызметі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға және олардың ата-аналарына кешенді психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету болып табылады.
Орталықта тәжірибелі білікті ұстаздар балаларға кешенді қолдау көрсететін болады: логопед, педагог- психолог, сурдопедагог, дефектолог, денешынықтыру мұғалімі (ЕДШ), қосымша білім беру педагогтары. Баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, орталықта үйірме жұмыстары ұйымдастырылады.
Балаларды тәрбиелеу және оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде тегін негізде жүзеге асырылатын болады.
Орталыққа балаларды қабылдау психологиялық – медициналық – педагогикалық қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Байланыс телефоны: 25-51-62; 40-13-64.