ҚР педагогикалық қызметкерлерінің «Бірге оқимыз: жаңартылған мазмұндағы білім беруді іске асыру жағдайында мұғалімнің әдістемелік сүйемелдеуі» тақырыбында тамыз секциялық кеңесі
2017 жылғы 15 тамызда физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Көкшетау қ. №1 ОМГ ҚР педагог қызметкерлерінің «Бірге оқимыз: жаңартылған мазмұндағы білім беруді іске асыру жағдайында мұғалімнің әдістемелік сүйемелдеуі» тақырыбындағы тамыз секциялық кеңесіне Көкшетау қаласы мектептерінің 2,5,7 сыныптарының 90 астам мұғалімі қатысты.
Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5, 7 сынып мұғалімдері үшін оқыту семинарында НЗМ педагогтары білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шеберлік - сыныптарын көрсетті. №1 ОМГ 2 сынып мұғалімдері үшін шеберлік - сыныптары өткізілді.
Кеңеске қатысушылар үшін жүйелі – әдістемелік кешені мен сандық білім беру ресурстары (СББР) ұсынылды. play.nis.edu.kz сайтында ең кішкентай, сондай-ақ, орта және жоғары буын оқушылары үшін мектеп пәндері бойынша сандық білім беру ресурстарының пайдалы үлкен топтамасы орналастырылған. Оқушылар мен ұстаздар осы жерден қызықты сандық білім беру ресурстарын, электрондық оқулықтар, мектеп пәндері бойынша аудио-бейне материалдарды таба алады. NIS Play оқушыларға онлайн өзара талқылау жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалім өз оқушыларына СББР үй тапсырмасы ретінде белгілей алады және белгіленген СББР өту нәтижелерін де ала алады.
Қала ұстаздары секцияларда өткен шеберлік сыныптарына құлшыныспен қатысып, жаңа оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнын 2, 5, 7-сыныптарда енгізу бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті ақпарат алды.