Қымбатты оқушылар!
Құрметті әріптестер, ата-аналар!
Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Бұл біздің жалпы мерекеміз, жас өркендерге заманауи білім әлеміне жол ашушы, бағыт-бағдар көрсетуші тәрбиешілер мен ұстаздар үшін жауапты кезең бастамасы. Сондықтан болар барлық бастамалардың алдында бірі - бірегейі –білім. Білім - адам баласының өмірлік серігі, өз мүмкіндігін өмірінде жүзеге асыруда мол септігін тигізетін өмір азығы.
Жаңа оқу жылы әр қайсысыңызға жаңа нәтижелер мен көптеген қуаныштар әкелсін! Оқушыларға сәттілік, жарқын жетістіктер, ұстаздар мен тәрбиешілерге тың шығармашылық табыстар мен игілікті бастамалар, ата-аналарға – даналық пен шыдамдылық тілеймін.
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Б.А. Жусупов