«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының барысы туралы
Көкшетау қаласының мектептерінде 2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Баланы мектепке дайындаймыз» ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылуда.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық және басқа да көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
2017 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша мектепке дайындық кезінде демеушілік көмек есебінен 393 бірінші сынып оқушыларына шамамен 6,178,000 теңге сомаға қолдау көрсетілді («Нұр Отан», «Көкшетау минералды сулары» ЖШС, «Сбербанк», «Халық банк», «Евразиялық банк», «Алтынтау Көкшетау»).
154 балаға жаппай оқу қорынан шамамен 494 000 теңге сомаға материалдық көмек көрсетілді.
Бүгінгі күні барлығы аз қамтылған отбасылардан шыққан 547 оқушыға жалпы сомасы 6 672 000 теңге материалдық көмек көрсетілді.