Білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңестері туралы ақпарат
ҚР «Білім туралы» Заңының 44-бабы 9-тармағына, «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес білім бөлімінің 19.10.2017 жылғы №396 бұйрығымен Көкшетау қ. 24 мектебінде қамқоршылық кеңестері құрылды.
Қамқоршылық кеңестердің құрамына
1) жергілікті өкілді органдардың өкілдері;
2) атқарушы органдардың өкілдері;
3) құқық қорғау органдарының өкілдері;
4) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері;
5) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
6) аталған білім беру ұйымының әрбір параллельді сыныптарында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі кіреді.
Қамқоршылық кеңес білім беру мекемесінің өзін-өзі басқару органы болып табылады және оның қызметі мен дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылады.
Қамқоршылық Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі мектепті дамыту үшін тұрақты бюджеттен тыс қаржы қорын құру, оның ресурстарын ашық және ұтымды бөлу болып табылады.