«Жас ұлан-мәңгілік ел тірегі!» көшбасшылардың қалалық слеті
Көкшетау қ. білім беру ұйымдарының көшбасшылары арасында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бағытталған Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы негізінде «Жас ұлан-мәңгілік ел тірегі!» қалалық нұсқаулық слеті өтті.
Слеттің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық әлеуетін, патриоттық сезімді, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, балалар қозғалысының өзекті
мәселелерін шешуде балалар мен жасөспірімдерге бағытталған бірлескен іс-қимылдарды біріктіру болып табылады.
Слетке Көкшетау қ. 24 мектебінің тәлімгерлері мен жасұландықтар белсенділікпен қатысты.
Осы маңызды жиын мектептердің ұланбасыларының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Ұланбасылар өз мектептерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты
көпшіліктің назарына ұсынды.
Қаланың Ұланбасысы, №16 орта мектептің оқушысы Дмитрий Терза өткен оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар ұйымының атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Слеттің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін білім беру ұйымдарының көшбасшылары «команданы біріктіру», «лидерлік қасиеттерін анықтау» тренингтерін және шеберлік-сыныптарын көрсетті.