Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдардағы
педагогикалық қызметкерлердің арасында қалалық байқау
Тәлімгер мен жас маман дуэті
Лезде өзгеретін әлемде заманауи балабақшаның жаңа жағдайына қысқа мерзімде тез бейімделетін педагог қажет. Педагогтың жеке және кәсіби қасиеттеріне талаптар ұлғаюда, сондықтан жас маман жанында уақытымен қолдау жасайтын тәжірибелі тәлімгер болғаны анық.
2017 жылдың 31 қазан күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №10 «Алтын бала» балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық қызметкерлері арасында «Тәлімгер мен жас маман дуэті» атты қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты-талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды анықтау, тәлімгерліктің дәрежесін көтермелеу және жас педагогтарды кәсіби іс-әрекетке ынталандыру. Байқау екі бөлімнен құрылды: сырттай және күндізгі. Тәлімгер мен жас маманнан құрылған 17 дуэт қатысты.
1 бөлім (сырттай)-эссе «Болашақ педагогикасы»
2 бөлім (күндізгі) екі тур:
І тур - «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі»
ІІ тур - «Кәсіптік шеберхана» (педагогикалық жағдай шешу)
Қазылар алқасы әрбір дуэт ерекше және аса назар аударуға тұрарлық екенін атап өтіп, байқаудың келесі жүлдегерлерін анықтады:
І дәрежелі диплом иегері: Дюсенова Жулдыз Каримжанқызы және Агайдар Улболсын Ануарбекқызы ( №15 «Әсел» балабақшасы)
ІІ дәрежелі диплом иегері - Омарова Жамал Зейноллиновна және Билялова Айым Бекжановна (№21 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы)
ІІІ дәрежелі диплом иегері - Елена Петровна Баркова және Тапалов Нурлан Мурсалович ( №36 «Аққу» балабақшасы)