Текст
Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 29 қараша күні қаламыздың балабақшаларында «Отбасы дәстүрлері» фестивалі өтті.
Фестивалдің мақсаты: отбасындағы құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасының оң имиджін қалыптастыру. Фестивальға балалар мен ата-аналар, аталар мен әжелер аса қызығушылықпен белсене қатысты.