Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:
1) Комиссия төрағасының атына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 Қағидалардың 1-ші қосымшасына сәйкес (әрі қарай -Қағида) нысан бойынша өтініш жазу керек;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы
құжаттардың көшірмесі (жеке меншік немесе жалға алу);
4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне
жасалған шарттың көшірмесі;
5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндеттеме нысанын толтырады.
Әлеуетті қызмет берушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға арналған өтінімді және құжаттардың толық пакетін 2017 жылғы 26 желтоқсан күні сағат 15.00-ге дейін Көкшетау қаласы, Кұдайбердиев көшесі 57 үй, тел.255162, 4 кабинет мекенжайы бойынша конкурс ұйымдастырушысына қолма-қол табыс етеді.