«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 2017 жылғы 14желтоқсанда №12 «Мерей» балабақшасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Менің елім-Қазақстан» атты қалалық шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Байқауға Көкшетау қаласының 25 мектепке дейінгі мекемелері қатысты.
Байқаудың мақсаты- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, патриоттық сезімді және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту, өзінің эмоциялық сезімдерін сурет арқылы танытуға қызықтыруға тарту.
Байқауда әр бала өз шығармашылық қабілеттерін толығымен көрсете алды.Балалардың жұмыстары көрнекті, түрлі-түсті, әрбір конкурстық сурет өзінше керемет және әсем болды. Тапсырма орындаудағы ерекше тәсілдер балалардың жеке дүниетанымы және креативтілігін танытты.
Байқаудың қорытындысы бойынша №17 «Көктем» балабақшасының «Қыран» тобы I орын, № 36 «Аққу» балабақшасының «Звоночек» тобы II орын, №35 «Болашақ» балабақшасы «Веселые фломастеры» тобы III орын иеленіп жеңімпаз атанды. Байқаудың қалған қатысушылары әртүрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды. Өзге планетадан келген қонақ пен байқауды жүргізушілер балалар мен үлкендерде ұмытылмас әсер қалдырды.