Сіздерді шын жүректен Ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.
Бұл - өз елінің тағдырына жауапкершілік сезіммен қарайтын, мақсаты ортақ біртұтас Қазақстан халқы үшін басты мереке.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен қысқа мерзімде еліміздің Тұңғыш Президенті Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі мен дана көреген саясатының арқасында Қазақстан халықаралық аренада лайықты орынға ие болды, елде кең ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді, халықтың әл-ауқаты артып, мемлекетіміз қуаттанып өркендеп келеді. Мемлекетіміздің әрбір азаматы болашаққа нық сеніммен қарайды және Қазақстан азаматы екендігімен екендігін мақтан етеді.
Осындай тамаша мейрам күні баршаңызға шын пейілмен мықты денсаулық, береке-байлық, отбасылық бақыт пен бақуатты өмір тілеймін!
Біздің ортақ шаңырағымызда әрдайым ашық аспан және жарқын болашақ болсын!