Текст
Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жылды әр отбасында қуаныш, жылылық пен шапағат шуағына бөлене, баянды істер кірер жылда да сәтті болып, асқаралы табыстарға жеткізеді деген сезіммен қарсы алады.
Біз өтіп бара жатқан жылды ризашылықпен шығарып салып, 2018 жылға үлкен сеніммен қараймыз.Әрқайсымыз да оған мол үміт артамыз.
Ізгілік, ғажайыптар мен үміт тарататын осы жарқын мереке қарсаңында сіздерге жаңа жетістіктер, игі бастамаларыңызға сәттілік, денсаулық, бақыт, жаңа тамаша жеңістер және шығармашылық өрлеу тілеймін.
Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жылда еліміз гүлденіп өркендей берсін, әр отбасына бақ-дәулет, амандық-саулық әкелсін!