"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру" облыстық семинар ұсынымдары

11.01.2018

2017 жылғы 12 қазан күні  білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел бастауы - рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеялардың негізгі принциптерін іске асырумен байланысты өзекті мәселелер талқыланды.Ұлт көшбасшысымен ұсынылған "Қазақстан Жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясы балалар мен жастарды әлеуметтік жауапкершілік, қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын және бірігу сезіміне тәрбиелеуге бағытталған. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық  идеясы өмірде іске асыру іргетасы мектептен қалануы керек.

Осыған байланысты, облыстық семинарға әдіскерлер мен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар қатысушыларының баяндамалары талдамалық және практикалық-бағдарланған сипатта болды.

Алған ақпаратты жинақтау бірқатар жалпы ұсынымдар беруге мүмкіндік береді:

1. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қазақстандық патриотизм мен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ұлттық тәрбиелеу мен оқытудыдамыту бойынша тәрбие жұмысынжандандыру.

2. Жүзеге асырылған іс-шараларға назар аудара отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы,  «Саналы азамат», «Өлкетану», «Отаным-тағдырым» бағыттары бойынша іс-шаралар жоспарларын күшейту.

3. Барлық арнайы жобалардың ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі тұжырымдамалық іс-шараларды өткізу.

4. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша қалалық, аудандық, республикалық маңызы бар конференцияларға, семинарларға, көрмелерге, іс-шараларға балалар мен жастарды  тарту  жұмыстарын  белсендіру.

5.Балалар мен жастардың экологиялық және өлкетану шығармашылықтарын,  олардың кәсіби өзін-өзі анықтауын  дамыту бойынша колледждермен, жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындармен, бизнес – құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау.

6. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын БАҚ және жетекші Интернет-ресурстарында қарқынды ақпараттық сүйемелдеуді  қамтамасыз ету бойынша нақты басымдықтарын қалыптастыру.

7. Балалар мен жастарда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша мұғалімдердің озық тәжірибелерін  зерттеу, жалпылау және насихаттау.

8. Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетіне  әр айдың 5- күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралардың орындалу туралы есептерді және фото-есептерді жіберу.

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст