Текст
Ағымдағы жылғы 8 – 13 қаңтар аралығында қала мектептерінің 30 оқушысы -спорттық жарыстар, олимпиадалар, шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Түркістан қаласына барып келді. Бұл жолдаманы оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнін мерекелеу қарсаңында Көкшетау қаласының Әкімі ұсынған болатын. Оқушылар ортағасырлық сәулет өнерінің теңдессіз жарқын үлгісін «Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби Мұражайын, Арыстан баб Кесенесін, Отырар, Сауран каласының ескі орнын тамашалады.