"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.01.2018

Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

1) Комиссия төрағасының атына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру  туралы 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122  Қағидалардың  1-ші қосымшасына  сәйкес (әрі қарай - Қағида) нысан бойынша өтініш жазу керек;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жеке меншік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың  көшірмесі;

5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші Қағидалардың  2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндеттеме нысанын толтырады.  

Әлеуетті қызмет берушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға арналған өтінімді және құжаттардың толық пакетін 2017 жылғы 29 қаңтар   күні сағат 15.00-ге дейін Көкшетау қаласы, Кұдайбердиев көшесі 57 үй, тел.255162,  4 кабинет мекенжайы бойынша конкурс ұйымдастырушысына қолма-қол табыс етеді.

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст