"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қ. білім бөлімінің жұмысын қорытындылауға арналған алқа отырысы

09.02.2018

2018 ж.6 ақпанда Көкшетау қ. білім бөлімінің жұмысын қорытындылауға арналған алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамовна,  Ақмола облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Дюсенова Ботакоз Балапаевна, сонымен қатар, біздің өзара тығыз байланыста және ынтымақтасатын серіктестеріміз– А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының  Ақмола облысы филиалы, Педагогикалық шеберлік орталығы және қалалық ата-аналар Кеңесінің төрағасы, педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп және мектептен тыс ұйымдардың директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қалалық әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде екі сұрақ: «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру барысы және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауының аясында 2018 жылға арналған міндеттері  туралы

Алқа отырысының алдында оқыту үдерісінде қолданылатын жаңа білім беру технологияларының және Көкшетау қаласы  білім жүйесінің 2017 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Бейбіт Айтымович Жусуповтың кіріспе сөзі;

Бірінші сұрақ бойынша сөз сөйлеу:

Білім беру ұйымдарының кәсіби құзыреттіліктерді арттыру бойынша жұмысы туралы –Білім бөлімі секторының меңгерушісі Шаймерденова  Рашаш  Касымовна;

Қаланың мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісінің жағдайы туралы - Айжарыкова Алданыш Жиенбековна;

Жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру жағдайында қала мектептеріндегі білім беру сапасының жай-күйі туралы – Әдістемелік сектор меңгерушісі Абилхамитова Рабига  Кеңесовна;

Дарынды балаларды анықтау және олардың қабілеттерін дамыту бойынша жұмыс туралы - «Көкшетау дарыны» орталығы директорының орынбасары Рыльская Наталья Алексеевна;

Қаланың білім беру ұйымдарында балалық шақ құқықтарын қорғау және тәрбие жұмысының жағдайы туралы - Жалпы  орта  білім  беру  және қорғаншылық  (қамқоршылық) секторының меңгерушісі Хабибулина Жанна Ерназаровна.

Екінші сұрақ – 2018 жылға арналған жұмыс жоспары және міндеттері туралы.

Білім бөлімі басшысының орынбасары  Жания Сериковна Дондагулованың сөз сөйлеуі.

Көкшетау қ. әкімінің орынбасары куратор Алтынай Байқадамовна Әміренова алқа жұмысын қорытындылап, 2018 жылы жаңа табыстар тіледі.

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст